Испания құрамасының бұрынғы футболшысы Хосе Антонио Рейес қаза тапқан апат орнының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Оқыс оқиға Севилья мен Утрера арасындағы жолда болған. Футболшы Mercedes Brabus S550 көлігінің жылдамдығын шамадан тыс асырып жіберген. Көлік жолдан шығып кетіп, өртке оранған.

Рейестен бөлек көлікте тағы екі адам болды. Оның біреуі тірі қалған. Ал Рейес пен оның інісі оқиға орнында қаза тапты.