2018/2019 жылғы Чемпиондар лигасы финалының 25-секундында төреші Дамир Скомина пенальти белгіледі. Бұл турнирдің финалында қойылған ең жылдам пенальти болып тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане айып алаңына пас асырған сәтте доп «Тоттенхэм» ойыншысы Мусса Сиссоконың қолына тиіп кеткен. Кездесудің бас төрешісі ойланбастан пенальти белгіледі.

Нүктеге келген Мохамед Салах есеп ашқан болатын. Матч 2:0 есебімен «Ливерпульдің» пайдасына шешілді.