Чемпиондар лигасының финалында «Ливерпуль» жеңіске жетсе «Рома» клубы ақшалай бонусқа ие болады.

Мерсисайлықтардың құрамында римдіктердің бұрынғы ойыншылары Мохамед Салах пен Алиссон өнер көрсетіп жүр.
Ойыншылардың келісімшартында «Ливерпуль» кубокты ұтса 4,5 млн еуро көлемінде бонустық сыйақы аударылады деп жазылған.