«Реал», «Севилья» мен «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Хосе Антонио Рейес жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш клубтарда жартылай қорғаушы болып өнер көрсеткен ойыншы 35 жасында жол апатына түсіп, қайтыс болды.

Бұл туралы «Севилья» клубы өзінің Twitter-парақшасында мәлім етті.

Хавбек Испания құрамасы сапында 22 матчқа қатысып, 4 гол соққан.