Мадридтік «Реал» бельгиялық ойыншы Эден Азарға жетінші нөмірлі жейдені ұсынбақшы, деп хабарлайды МатчТВ порталы.

28 жастағы Азар «Челси» және Бельгия құрамасының сапында 10-шы нөмірде өнер көрсетеді. Алайда «Реалда» аталмыш нөмір Лука Модричке тиесілі.

Жетінші нөмірлі жейдеде қазіргі таңда шабуылшы Мариано Диас ойнайды. Бұрын бұл жейде Криштиану Роналдуға тиеселі болған.

Азар ағылшындық клубқа «Лилля» клубынан 2012 жылдың жазында ауысқан еді. Ол кезде бельгиялықтың трансферіне 35 миллион еуро жұмсалды.