Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті (18-2, 12 КО) чемпиондық белбеуінен айырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Осы жылдың басында WBA Бейбіт Шүменовті бірінші ауыр салмақтағы «уақытша» чемпионы Арсен Гуламирянмен (24-0, 16 КО) жекпе-жек өткізуді міндеттеген болатын. Жақында француз боксшысының бапкері Абель Санчес The Ring Digital берген сұқбатында жекпе-жектің Бейбіт Шүменовтің жарақат алуына байланысты өтпеуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Осы себептті WBA қазақстандық боксшыны бірінші ауыр салмақтағы WBA «тұрақты» чемпионы атағынан айырып, оны француз боксшысы Арсен Гуламирянға табыстады.

Дегенмен «демалыстағы чемпион» аталған Бейбіт Шүменов шаршы алаңға оралған кезде чемпиондық жекпе-жек өткізуге құқылы,