Көркем гимнастикадан Израильдің Холон қаласында өткен халықаралық турнир қазақстандық Роза Абитова үшін сәтті аяқталды. Ол үздік үштік қатарына енді.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол созды.

Сондай-ақ, ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда үшінші орын иемденді.

Холондағы турнир ресейлік Дарья Приданникованың жеңісімен аяқталды. Екінші орында болгариялық Татьяна Воложанина.