CS:GO ойынынан HLTV әлемдік рейтингі жаңарды. Қазақстандық AVANGAR киберспорт ұжымы үздік 15 команданың қатарындағы орнын сақтап қалды.

Алғашқы үштікте өзгеріс болды. Көш басында 1000 ұпай жинаған Astralis жайғасса, Team Liquid екінші сатыда қалды. Ал ENCE командасы бір сатыға көтеріліп, Na`Vi ұжымын үздіктер қатарынан шығарып тастады. Ал қазақстандық AVANGAR командасы 186 ұпаймен бір сатыға төмендеп, 14-орынға тұрақтады.