Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турдың шымылдығын ашқан «Тараз» – «Тобыл» матчы болды. Тараз жерінде өткен матчта қостанайлық ұжым Артем Шерстовтің ойын соңында соққан голының арқасында жеңіске жетіп, кезекті үш ұпайына қол жеткізді.

«Тараз» – «Тобыл» 0:1 (0:0)

Гол: Шерстов 80

Соңғы матчтарда сүреңсіз ойын көрсетіп жүрген ел чемпиондары Көкшетауда сүрінді. Роман Мұртазаевтың бірінші таймда соққан голына Милан Стоянович матч соңында жауап қатып, «Оқжетпесті» жеңілістен аман сақтап қалды.

«Оқжетпес»«Астана» 1:1 (0:1)

Гол: Стоянович 90+2 – Мұртазаев 44

Қызыл қағаз: Мужиков 90+4

Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» қабылдап, бір доп айырмасымен басым түсті. Ойынның 52-ші минутында Оганесянның соққан голы матч тағдырып шешіп кетті.

«Жетісу» – «Қайсар» 1:0 (0:0)

Гол: Оганесян 52

Бас бапкерсіз қалған «Ертіс» те өз алаңында атыраулық қонақтарды ұтты. Павлодарлықтардың жеңіс голын 75-ші минутта Рафкат Аслан соқты.

«Ертіс» – «Атырау» 1:0 (0:0)

Гол: Аслан 75

Елордада «Қайратты» қабылдаған «Шахтер» жеңісті уысынан шығарып алды. Алғашқы таймда Шкодра есепті ашып, командасын алға шығарған. Алайда екінші таймда Эсеола 5 минутта дубль жасап, «Қайратқа» жеңісті әперді.

«Шахтер» – «Қайрат» 1:2 (0:0)

Гол: Шкодра 28 – Эсеола 73, 79

Көш соңында жүрген «Ақтөбе» бұл жолы да жеңіске жете алған жоқ. Өз алаңында шымкенттік «Ордабасыға» 3:0 есебімен есе жіберді. Қонақтар сапынан Диакате мен Жоау көзге түсті.

«Ақтөбе» – «Ордабасы» 1:2 (0:0)

Гол: Жоау 7, 18, Диакате 68