«Джиро д’Италия 2019» гранд-турының он бесінші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Велокөпкүндіктің 15-ші кезеңі Ивреадан Комо қаласына дейін 232 шақырымды құрады.
«Астананың» италиялық шабандозы Дарио Катальдо мәре сызығын бірінші кесті. Екінші орынға «Androni Giocattoli - Sidermec» командасының өкілі Маттиа Каттанео жайғасты. Ал үздік үштікке британиялық Саймон Йейтс (Mitchelton-Scott) енді.
Бұған дейін «Астананың» испаниялық шабандозы Пельо Бильбао 7-ші кезеңде топ жарған болатын.
«Джиро д’Италия». 14-ші кезең
Ивреа - Комо. 232 шақырым
1. Дарио Катальдо (Италия, «Astana Pro Team»)
2. Маттиа Каттанео (Италия, «Androni Giocattoli - Sidermec»)
3. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, «Mitchelton-Scott»)
Комментарии