Қазақстандық спортшы Кирилл Казанцев Asia Mountain Bike series турнирінің бірінші кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнирдің бірінші кезеңі Яватахи қаласында (Жапония) өтті және Казанцев үшін алтын медальмен аяқталды. Тағы бір қазаұстандық спортшы сайысты төртінші болып аяқтады.

Қазанцев 30.1 км қашықтықты 1:27:06.68 секундта бағындырды. Спортшының орташа жылдамдығы 20 км /сағ құрады. Шәкіров 1:28:41.65 уақытта келді.

Келесі кезең 17-18 тамыз аралығында Перак қаласында (Малайзия) өтеді.