Грек-рим күресінен Болат Тұрлыханов Кубогы халықаралық турнирінің финалына Айдос Сұлтанғали жарақатына байланысты шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Осылайша, 60 кг салмақта жеңіс ирандық балуанға бұйырды. Осы салмақта қола жүлдені ресейлік Мингиян Семенов пен өзбекстандық Исломжон Бахрамов иеленді.

67 кг салмақта Грузия елінің өкілі Шмаги Болквадзенің сайыстан шығып қалуына байланысты жеңіс ресейлік Заур Кабалоевке бұйырды. Үшінші орынды Иран және Өзбекстан спортшылары қанжылады.