25-26 мамырда Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді. Алғаш рет жалауы 1994 жылы желбіреген бұл турнир биыл жиырма бесінші рет өткелі отыр. Әу баста Семей қаласында ұйымдастырылған турнирдің Алатау бөктеріне келгеніне биыл міне үшінші жыл. Жарыстың жыл сайынғы сыйақысы төмендегідей. 1 орын - 3 000 АҚШ доллары 2 орын - 2 000 АҚШ доллары 3 орын - 1 000 АҚШ доллары