Қазақстандық балуан Мейржан Шермаханбет грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Мейржан ақтық сында Оңтүстік Корея өкілі Хан Су Рюмен алтын медаль үшін белдеседі.

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталады.