Gamingtoday.com порталы Головкин мен Роллс арасындағы кездесудің табысын бір саралап өтті.

- DAZN-ның арқасында бокс сүйер көрермендер Головкин-Джошуа жекпе-жегін бар болғаны 20 долларға көре алады. Бұрынғы бағалармен салыстырсақ, әрине, бұл керемет.

Алайда, PPV форматындағы трансляциялар тек үздіктердің жұдырықтасуын көрсету керек. Мысалы, Головкин — „Канело“, Уаилдер — Фьюри кездесулері дегендей. Геннадий үшін көрермендер төлеуге дайын ба? Әрине. Бірақ, Стив Роллс үшін ондай ақшаны қимайды. Міне, мәселе қайда жатыр- деп жазады аналитикалық портал.