Француз былғары қолғап шебері Сулейман Сиссоко отандасымызға Бразилиядағы Олимпиадада ұтылған еді.

Данияр Елеусінов АҚШ жерінде өтетін чилилік Луис Норамбуэноға қарсы кездесу алдындағы пресс-конферециясын өз инстаграм парақшасына салып қойған еді. Оның астына Сиссоко: «Алға, досым!» - деген жазба қалдырыпты. Өз кезегінде Данияр да оған «Рахмет, досым!» - деп жауап қатты.

Сулейман Сиссоко 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олипиаданың жартылай финалында Дания Елеусіновке жол беріп, қоланы қанжығаға байласа, жерлесіміз сол турнирде топ жарған болатын.