Елеусіновтың бұрынғы қарсыласы оған сәттілік тіледі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФранцуз былғары қолғап шебері Сулейман Сиссоко отандасымызға Бразилиядағы Олимпиадада ұтылған еді.
Данияр Елеусінов АҚШ жерінде өтетін чилилік Луис Норамбуэноға қарсы кездесу алдындағы пресс-конферециясын өз инстаграм парақшасына салып қойған еді. Оның астына Сиссоко: «Алға, досым!» - деген жазба қалдырыпты. Өз кезегінде Данияр да оған «Рахмет, досым!» - деп жауап қатты.
Сулейман Сиссоко 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олипиаданың жартылай финалында Дания Елеусіновке жол беріп, қоланы қанжығаға байласа, жерлесіміз сол турнирде топ жарған болатын.