Жазда Сейдахмет доп тебетін «Левски» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

Болгар біріншілігінің 27-ші турында «Левски» өз алаңында ЦСКА-ға 0:2 есебімен ұтылып қалды. Команда чемионат аяқталуына бір тур қалған тұста екінші сатыға көтерілу мүмкіндігінен айырылды.

19 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет матч бойы қосалқы құрамда қалды.