Құрамында қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель доп тебетін «Хераклес» командасы Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Хераклес» Еуропа лигасының іріктеуіне қатысуға жолдама беретін плей-офф кезеңінің екінші матчында «Утрехт» командасына 3:0 есебімен есе жіберді.
Меркель кездесуді негізгі құрамда басап, 76-шы минутта командаласына орнын босатты.
«Утрехт» - «Хераклес» 3:0 (0:0)
Гол соққандар: Густафссон 57, Базбек 80, 90
Бірінші ойын «Утрехтің» пайдасына 2:0 есебімен аяқталған.
Комментарии