Құрамында қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет доп тебетін «Левски» командасы Болгария чемпионатының 35-ші турында жеңіліске ұшырады, деп жазады Prosports.kz.

Еркебұланның командасы бұл турда софиялық ЦСКА-ға 0:2 есебімен есе жіберді.

Сейдахмет матчқа шықырту алғанымен, қосалқы құрамда қалды.