Бүгін «Джиро д’Италия 2019» көпкүндік веложарысының оныншы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабандоздар бұл кезеңде Равеннан Моденге дейінгі 145 шақырым жолды жүріп өтті.

Бұл кезеңде «Groupama - FDJ» командасының француз шабандозы Паскаль Арно Демар топ жарды.

Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені италиялық Мануэле Боаро көрсетті. Ол мәре сызығын 24-ші болып кесті.

«Астананың» тағы бір италиялық шабандозы Пельо Бильбао жалпы есепте 10-шы орынға тұрақтады.