«Джиро д’Италия 2019»: «Астана» шабандозы 24-ші болып келді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін «Джиро д’Италия 2019» көпкүндік веложарысының оныншы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шабандоздар бұл кезеңде Равеннан Моденге дейінгі 145 шақырым жолды жүріп өтті.
Бұл кезеңде «Groupama - FDJ» командасының француз шабандозы Паскаль Арно Демар топ жарды.
Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені италиялық Мануэле Боаро көрсетті. Ол мәре сызығын 24-ші болып кесті.
«Астананың» тағы бір италиялық шабандозы Пельо Бильбао жалпы есепте 10-шы орынға тұрақтады.