Қазақстандық боксшы Сағадат Рақманқұл келесі жекпе-жегінде мексикалықпен қолғап түйістіреді.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 14 маусым күні Мексиканың Тихуан қаласында 29 жастағы Даниэл Армандо Валенсуэламен кездеседі.

Айта кетейік, Сағадат Рақманқұл соңғы жекпе-жегін 16 наурыз күні Голливудта өткізіп, америкалық Брэндан Адамсты жеңген болатын.