Батыс басылымы жапон боксшысы Наоя Иноуэны қазақстандық Геннадий Головкинге ұқсатты.

«Бұл жігіт расында қазақ емес пе?» деп сұрақ қойған thecomeback.com басылымы: «Головкинді көрген сәтте - мейірімді қазақтың баласы екенін, күліп жүріп әлемді қирататын, Тайсон, Дюран, Форман және Листонның мұрагері екені көзіме елестейді. Ал Иноуэны көрген сәтте дәл осы сезім қайта бойымды биледі», - деп жазды.

Айта кетейік, жапон боксшы жеңіл салмақта Дүниежүзілік бокс суперсериясының (WBSS) финалына шықты.