«Бұл жігіт расында қазақ емес пе?»: Батыс басылымдары жапон боксшысын Головкинге ұқсатты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБатыс басылымы жапон боксшысы Наоя Иноуэны қазақстандық Геннадий Головкинге ұқсатты.
«Бұл жігіт расында қазақ емес пе?» деп сұрақ қойған thecomeback.com басылымы: «Головкинді көрген сәтте - мейірімді қазақтың баласы екенін, күліп жүріп әлемді қирататын, Тайсон, Дюран, Форман және Листонның мұрагері екені көзіме елестейді. Ал Иноуэны көрген сәтте дәл осы сезім қайта бойымды биледі», - деп жазды.
Айта кетейік, жапон боксшы жеңіл салмақта Дүниежүзілік бокс суперсериясының (WBSS) финалына шықты.