«Ертіс» клубының ойыншысы Станислав Лунин жарақатына байланысты командадан кетті.

Осы маусымда «Ертістің» жейдесін киген Станислав Лунин ауыр жарақатына байланысты уақытша футболмен қош айтыспақ. Футболшы біраз уақыт емделеді.

Айта кетейік, Станислав Лунин «Ертіске» дейін төрт жыл «Қайратта» доп тепкен. Сондай-ақ «Шахтер» мен «Востокта» ойнаған.