Ресейлік желаяқ Владимир Корчевский Мәскеу жартылай марафонында 10 шақырымды бағындырғаннан соң қайтыс болды.

Белгілі болғандай, спортшы Лужнецк жағалауына келгенде өзін нашар сезінген, алайда дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Ол мәрені 57 минут 27 секундта кесті.

Владимир Корчевский марапатын алып, «Лужников» аумағынан шыққанда өзін қайта нашар сезінген. Алайда дереу жеткен жедел жәрдем қызметкерлері спортшыны аман сақтап қала алмады.

Айта кетейік, Мәскеу жартылай марафоны Ресейдегі ең ауқымды марафон саналады. Биыл 6-шы рет ұйымдастырылды. Жарысқа 48 елден 20 000 желаяқ келген.