Америкалық жеңіл атлет Инфинит Таккер Фейетвиллде (АҚШ) өткен кедергілер арасымен жүгіру сайысында ерекше әдіспен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мәре сызығына бірнеше метрлер қалғанда оны қарсыласы Роберт Грант қуып жетеді. Бұны сезген Таккер «Суперменнің» әдісінде секіріп, мәре сызығын 49,38 секундта қиып өтті.