Бүгін ел біріншілігінің 11-туры аясында екі матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нұр-Сұлтанда «Астананы» «қабылдаған» «Шахтер» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Есепті қонақтар сапынан Роман Муртазаев ашқан болатын. Алайда екінші таймда Марат Шахметов пен Сергей Зенев гол соғып, командасына жеңісті жұлып берді.

«Астана»«Шахтер» 1:2 (1:0)

Голдар: Муртазаев 34 – Шахметов 78, Зенев 87

«Астана»: Эрич (Қ, К), Шомко, Постников, Логвиненко, Рукавина, Бейсебеков, Перцух, Ротариу, Томасов, Мұртазаев, Янга.

Қосалқы құрам: Мокин (Қ), Павлов (В), Шимунович, Сагнаев, Мужиков, Қайыркенов, Прокопенко, Кабананга, Жалмұқан.

«Шахтер»: Шацкий (Қ, К), Дроппа, Барановский, Зенев, Шкодра, Пешич, Лувага, Шахметов, Наджарян, Шаихов, Е. Нұрғалиев.

Қосалқы құрам: Цуприков (Қ), Дүйсен (Қ), Бачек, Скорых, Шугаев, Пайруз, Өміртаев, Чичулин.

18 мамыр, Нұр-Сұлтан, «Астана Арена»