Клаудио Писарро неміс чемпионатында өткен ғасырдан бері доп тебеді.

Осы маусымда 5 гол соққан Писарромен «Вердер» келісімшарт мерзімін 2019/2020 маусымның аяғына дейін ұзартқанын ресми хабарлады. Футболшыға клуб басшылығында қызмет ұсынғанымен, ол мансабын жалғастыруды шешіпті.

Клаудио Писарро қазанның 3-і күні 41 жасқа толады.