Англия кубогының финалында «Манчестер Сити» «Уотфордтың» қақпасына жауапсыз 6 доп соқты.

Бір маусымда ағылшын чемпионатын, лига кубогын және Англия кубогын жеңіп алған команда бұрын-соңды болмаған еді. «Манчестер Сити» аталмыш жетістікке қол жеткізген алғашқы ұжым атанды.

Англия кубогы. Финал.«Манчестер Сити» – «Уотфорд» - 6:0Голдар: Д. Силва, 26, Жезус, 38, 68, де Брюйне, 60, Стерлинг, 81, 88.