«Барселона» Антуан Гризманнға жылдық табысы 17 миллион евроны құрайтын келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Каталондық клуб француз футболшысы үшін 120 миллион евро төлеуге әзір. Оның 20% (24 млн еуро) «Атлетико» «Реалу Сосьедадқа», яғни футболшының бұрынғы командасына береді. Ал қалған 96 млн еуро мадридтік клубқа тиесілі.

2014 жылдан бері «Атлетико» сапында ойнап келген Гризманн 14 мамыр күні командадан кететінін мәлімдеген болатын.