«Портудың» қақпашысы Икер Касильяс мансабын аяқтайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

The Independent порталының мәлімдеуінше, «Порту» басқа қызметке ауыстырмақшы. Аталмыш клуб жаңа қақпашы іздеуді бастап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, 37 жастағы қақпашы 1 мамыр күні жаттығудан соң өзін нашар сезінген. Артынша ол Портудағы ауруханаға жеткізілді. Қазір футболшының жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.