«Айнтрахттың» ойыншысы Лука Йович мадридтік «Реал» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Sky Sports порталының мәлімдеуінше, трансфер құны - 60 млн еуро құраған. 21 жастағы футболшы «корольдік клубпен» 5 жылға келісімшарт жасасты. Форвард Бундеслигада өткізген 31 матчта 17 гол соққан.