«Бавария» форварды Роберт Левандовски жазда клуб ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Kicker порталының хабарлауынша, 30 жастағы поляк ойыншысына «Манчестер Юнайтед» пен «ПСЖ» ұсыныс тастады.
Левандовскидің «Бавариямен» келісімшартының мерзімі - 2021 жылдың 30 маусымына дейін. Мюнхендік клуб ойыншымен тағы бір жылға келісімшартты ұзартпақшы.
Роберт осы маусымда бундеслигадағы 32 ойында 22 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Комментарии