Левандовскиге «Манчестер Юнайтед» пен «ПСЖ» «құда түсті»
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Бавария» форварды Роберт Левандовски жазда клуб ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Kicker порталының хабарлауынша, 30 жастағы поляк ойыншысына «Манчестер Юнайтед» пен «ПСЖ» ұсыныс тастады.
Левандовскидің «Бавариямен» келісімшартының мерзімі - 2021 жылдың 30 маусымына дейін. Мюнхендік клуб ойыншымен тағы бір жылға келісімшартты ұзартпақшы.
Роберт осы маусымда бундеслигадағы 32 ойында 22 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.