Яросла́вль қаласының намысын қорғайтын «Локомотив» командасы қазақстандық қорғаушы Роман Савченкомен келісімшартына қол қойды, деп жазады Prosports.kz.
Келісімшарт бір жылға жасалды.
Роман Савченко - өскемендік «Торпедо» хоккей клубының түлегі. 2008 жылдан бастап «Барыс» сапында өнер көрсетті. Ал 2018/19 жылғы маусымды қорғаушы новосибирскілік «Сибирь» командасында өткізді.
Хоккейші ҚХЛ-да жалпы 535 матч өткізіп, 140 (51+89) ұпай жинаған.
Комментарии