Швециялық «Векше Лейкерс» командасының шабуылшысы Линус Фреберг «Барысқа» ауысуға жақын, деп жазады Prosports.kz.

26 жастағы Фреберг соңғы төрт маусымын «Векше Лейкерс» командасында өткізді. Швеция хоккей лигасының 2018/19 жылғы маусымында шабуылшы 52 матчқа қатысып, 28 (7+21) ұпай жинады.