AsianBoxing.info сайты қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев келесі қарсыласының әлсіздігін атап өтті.

- Канадада қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев пен мексикалық Луис Хесус Видалес арасындағы жекпе-жекті көретін боламыз. Дарынды әрі соққысы жойқын Жүкембаев өзінің матчмейкингі мен дамуына көңілі толмайтыны белгілі болды. Жүкембаев әлемдік рейтингідегі боксшылармен қолғап түйістіруі қажет. Видалес - соңғы үш жекпе-жегінің екеуінде жеңіліс тапқан. Ол Жүкембаевтың жолын ашатын боксшы емес, - деп жазды басылым.

Айта кетейік, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев келесі кездесуін 17 мамырда Канадада мексикалық Луис Хесус Видалеспен өткізеді.