Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) екі жылдық үзілістен кейін жақын арада шаршы алаңға қайтадан оралатынын мәлімдеген болатын.

Жанқош Тұраров 1 маусымда Уэльс астанасы Кардиффте шаршы алаңға шығады. Ол соңғы айқасын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аргентиналық Бруно Леонардо Ромаяны (21-7, 8КО) жеңген болатын.

- Әлем чемпионы болуға тырысамын. Бұл менің осы не келесі жылға деген мақсатым. Бұған дайынмын. Күнделікті жаттығуларымды жасап жүрмін. Үш жыл бойы АҚШ-та Роджер Мэйвезердің жаттығу залында дайындалдым. Керемет спарринг қарсыластарым болды. Флойд Мэйвезердің өзі маған қол шапалақтап, әлемдік жұлдыз болатынымды айтты, - деп келтіреді Жанқош Тұраровтың сөзін MTK Global менеджерлік компаниясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, қазақстандық кәсіпқой боксшы MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.