Аса ауыр салмақтың экс-чемпионы Тайсон Фьюри әйгілі промоутер Эдди Хирнды жерден алып, жерге салды. Өзі жайлы теріс пікір айтуды доғармаса, тісін сындыруға дейін баратын жеткізді.

Даудың басы Хирннің Фьюриды қорқақ деп айыптауынан басталғанын еске сала кетейік.

"Жеңілдің астымен жүруді жақсы көретін Тайсон Фьюри американдық Деонтей Уайлдерден жекпе-жек өткізуден қашқақтап, өзінен әлсіз қарсылас - Том Шварцты таңдады" - деп мәлімдеген еді олимпида чемпионы Данияр Елеусіновтың промоутері.

Өз кезегінде Фьюри:

- Қызғаныш ішің тырнап барады, Хирнның. Ол ешқашан рингте жұдырықтаса алмайды. Өзі әлсіз деп танитын сол Шварц оны бір соққымен ауруханадан бір-ақ шығарады.

Хирнның промоутер екенін түсінемін. Оның мақсаты - кез келген жекпе-жектің қызықты өтуіне өз септігін тигізу. Бірақ, шектен шығудың қажеті жоқ. Келісіп алайық: енді мен жайлы теріс пікір айтса, тісін сындырамын.

Эдди Хирн отандасымыз Данияр Елеусіновтың промоутері болып 2018 жылы тағайындалған еді.