Жанқош Тұраров (22-0, 15КО) екі жылдық үзілістен кейін жақын арада шаршы алаңға қайтадан оралмақшы, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақ боксшысы 1 маусымда Уэльс астанасы Кардиффте келесі айқасын өткізеді. Қарсыласы әлі белгісіз.

Тұраров соңғы айқасын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аргентиналық Бруно Леонардо Ромаяны (21-7, 8КО) жеңген болатын.

Еске сала кетсек, қазақстандық кәсіпқой боксшы MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.