«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Андер Эррера маусым аяқталғаннан соң командадан кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы англиялық клуб «твиттердегі» парақшасында мәлімдеді. Андер Эррера «қызыл сойқандардың» сапына 2014 жылы «Атлетикадан» ауысып келген. Осы күнге дейін ол 189 матч өткізіп, 20 гол соққан.