«Манчестер Юнайтедтің» басшылығы «Аякстың» қорғаушысы Матейс де Лигті өткен жылы сатып алғысы келген.

«Қызыл сойқандар» дарынды футболшы үшін 70 миллион еуро беруге дайын болған. Алайда «МЮ-дің» скауты Марсель Буту де Лигт әкесі секілді тез салмақ қосатынын алға тартып, оны сатып алудан бас тартқан.

Айта кетейік, Матейс де Лигт биылғы маусымда «Аякстың» сапында 53 матчқа қатысып 7 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанған. Оған «Ювентус», «Бавария», «Барселона» қызығушылық танытып отыр