«Барселона» клубының басшылығы 56 жастағы маман Рональд Куманды команданың тізгінінде көргісі келеді.

Каталондық ұжымның қазіргі бас бапкері Эрнесто Вальверде жақын уақытта қызметінен кетеді. Голландия құрамасының жаттықтырушысы Рональд Куманнан бөлек «Барселонаны» «Аяксты» жаттықтыратын Эрик Тен Хаг баптауы мүмкін.

Айта кетейік, Рональд Куман ойыншы кезінде «Барселонаның» сапында өнер көрсеткен.