Саяси жағдайға байланысты Бакуда өтетін Еуропа лигасының финалына армян Генрих Мхитарянның қатысу-қатыспауы белгісіз еді.

Армения мен Әзербайжан елдерінің арасындағы қатынас шиеленісті екені белгілі. Сондықтан, армян азаматының Әзербайжан астанасына баруы қауіпті еді. Алайда, футболшыға байланысты УЕФА бір шешімге келді.

- Бізге Әзербайжан футбол федерациясы Мхитарянның елге келуіне ешқандай кедергі жоқ екенін мәлімдеді. Футболшының қауіпсіздігіне байланысты барлық амалдар қолданылады деп сендірді. Сондықтан Мхитарян финалдық матчқа қатыса алады - деді УЕФА-ның ресми сайтында.