«Тоттенхэм» футболшысының еңбегі ерен. Командасын финалға сүйреп шығарды.

«Аякспен» болған жартылай финалдық матчта Лукас Моура хет-трик авторы атанған еді. Бразилиялық шабуылшы соққан үш доп ағылшын командасын ақтық ойынға алып шықты.

Бұл маусымда тұңғыш рет «Тоттенхэм» футболшысы аптаның үздік футболшысы деп танылып отыр.