Кәсіпқой бокста әлі жеңіліске ұшырамаған қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (6-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастыруда, деп жазады Prosports.kz. 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 1 маусым күні Кардифф қаласында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы қазірше белгісіз. Қазіргі таңда қазақстандық боксшы бапкер Анхел Фернандеспен бірге Ұлыбританияда жаттығуда.