Жартылай жеңіл салмақта WBA NABA белбеуінің иегері Мұса Тұрсынғалиев (11-0, 8KO) жақын арада екі бірдей чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы 24 жастағы боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Отандасымыздың кезекті жекпе-жегі 12 шілдеде өтеді. Бұл кездесуде екі бірдей – WBA International және WBA Inter-Continental чемпиондық белдіктері сарапқа салынады.

Тұрсынғалиевтің қарсыласы 20 жастағы жеңіліп көрмеген мексикалық нокаутер Райан Гарсия (18-0, 15 КО) болмақ.