Киевтік «Динамо» бас бапкері Александр Хацкевичтің орнын басатын жаттықтырушыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

EURO.com сайтының мәліметінше, украиналық клуб «Астананың» бас бапкері Роман Григорчукқа көз салды. Әзірге тараптар келіссөзді бастаған.

Айта кетейік, жаңа маусымда «Астана» Роман Григорчуктың қол астында 10 ойында 25 ұпай жинады.